• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2010

ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

1865 рет
көрсетілді

Мемлекетті дамытудың жолда­рын Елбасы жыл сайын халыққа арнаған Жолдауында жария ететіні белгілі. Соның ішінде 2007 жылы 28 ақпандағы “Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “100 мектеп, 100 аурухана” бағ­дар­ламасын жүзеге асыруды тап­сыр­ған болатын. Мектеп жетіспеу­ші­лігі қатты байқалып отырған оң­түс­тік өңірде осы бағдарлама ая­сында 40-тан астам білім ұясы са­лынды, ондаған аурухана бой көте­ріп, халыққа қызмет көрсетуде. Жуырда ғана Мақтаарал ауданы, Еңбекші елді мекенінде жаңа ға­сырдың талабына жауап беретін мектеп ғимараты салтанатты түрде ашылды. Тұрғындары өте тығыз орналасқан, мектеп тапшылығы аса сезіліп тұрған өңір еді. Халық­тың қуанышына айналған осы сәу­летті білім ордасының бой көтеруі “100 мектеп, 100 аурухана” бағ­дар­ламасы аясында жүзеге асып отыр. Төлебек ҚОСМАМБЕТОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты. ХАЛЫҚ ТІЛЕГІ ҚАШАНДА НАЗАРДА Кеше еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігінде “Нұр Отан” халық­тық-демократиялық партиясының Астана қалалық филиалы қоғам­дық қабылдау бөлімінің көшпелі отырысы өтті. Бұл жиынның бас­ты мақсаты – әлеуметтің талап-тілегіне мемлекеттік тұрғыда үнқату. Көшпелі отырыс кезінде алғаш­қы болып сөз алған “Нұр Отан” ХДП “Бірлік” филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Тұлғаев мұндай “көшпелі” бастаманың алғаш рет жүзеге асы­ры­лып отырғанын жеткізді. “Нұр Отанның” негізгі көздегені – ол халықпен бірге болу, оның мұң-мұқтажына құлақ түру. Сондықтан бұл тәжірибенің маңызы зор”, деді Т.Тұлғаев. Отырыс кезінде аңғарғанымыз, “Нұр Отан” ХДП-ның XІІ кезек­тен тыс съезінде Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың халықты толғандырған мәселелерге тыңғылықты жауап берудің пәр­менді жүйесін құру керек деген тапсырмасына сәйкес, жүйелі жұ­мыстар жүргізіліп жатқаны болды. Мәселен, І тоқсан ішінде партия­ның Орталық аппаратының қоғам­дық қабылдау бөліміне 1530 ұсы­ныс-тілек түскен екен. “Бұл ха­лық­тың партияға деген сенімін көр­сетеді. Сондықтан халыққа белсенді көмек көрсетуді одан әрі жалғастыру керек. Көшпелі отырыстың көздегені де осы”, деді партия өкілдері. Олардың ай­туын­ша, аталған шараның мақсаты – партия мүшелерінің, жалпы ха­лық­тың және жеке мемлекеттік қыз­меткерлердің әлеуметтік-эко­но­микалық мәселелерін қарас­тыру, халықты толғандырған мәсе­лелерге үнсіз қалмау, азаматтардың жан-жақты ақпараттандырылуын және құқықтық сауаттылығын жоғарылату. Бұл күнгі көшпелі жиын ке­зінде Астана қалалық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының, “Есіл” ауданы­ның халыққа қызмет көрсету орта­лығының, Астана қалалық салық департаменті мен тұрғын үй бас­қар­масының, “Жилстройбанк” АҚ-тың өкілдері қатысып, жиынға келгендердің сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, отырыс бары­сында партия мен мемлекеттік органдар өкілдері Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық пен Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі қызмет­керлерін толғандырған мәселелерді тыңдап, олардың ұсыныс-тілек­тері­мен танысты. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ. ИРАННЫҢ БАС КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ Соңғы жылдары өзара қарым-қатынасымыз қалыптаса бастаған Иран Ислам Республикасының бас консулдығы Ақтауда ашылды. Бұрын Ақтау халықаралық теңіз сауда порты Иранның порттарымен ғана іскерлік бай­ланыста  болған еді. Енді  екі ел арасындағы достықты Елбасы Н.Назар­баев сәттілік тілеп іске қосқан Жаңаөзен – Горган темір жолының құрылысы кіріктіре түсті. Сондай-ақ, жақын күндері екі ел арасында әуе қатынасы да жолға қойылмақшы. Салтанатты сәтте құттықтау сөз сөйлеген Ақтау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Хоссейн Фарахи жоғарыда айтылғандай, достыққа дәнекер болатын көптеген игі істердің ұйытқысы осы бас консулдық болатындығына сенім білдірді. Достық дәнекері десе дегендей, осыған дейін Ақтауда Әзірбайжан Республикасының бас консулдығы ашылып, бұл күндері теңіздегі көршілерімізбен арадағы іскерлік байланыстың биік белестерге көтеріле түскендігіне көпшілік куә болуда. Жоламан БОШАЛАҚ, Маңғыстау облысы. ПОЛИЦЕЙЛЕР ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ Шығыс Қазақстан облысы елімізде қыл­­­­мыстық ахуал жөнінен алдыңғы орын­дардың бірін алады. Алайда соңғы бірер жылда қылмыстың алдын-алу, түрлі жедел шараларды жүзеге асыру, құқық қорғау саласында еңбек ететіндерге әлеу­мет­тік жағдайларды жақсарту нәтижесінде қыл­мыс деңгейінің төмендегені байқа­ла­ды. Мәселен, 2005 жылы облыста 19 мың қыл­мыс тіркелсе, былтыр ол 13 пайызға төмен­деп, 16 600 қылмыс жасалған. Өт­кен жылы қаржы дағдарысына қарамас­тан ішкі істер органдарына біраз қаржы бөлініпті. 89 мектеп инспекторы, 24 учас­келік, 146 патрульдік полиция қызмет­кер­лері­нің қосымша штаты енгізіліп, 36 авто­көлік, екі мыңға жуық киім-кешек алынды. Тыныштық қорғау саласындағы қыра­ғы қызметте тұрғандар тағы бір қуанышқа кенелді. Қаланың сол жағалауында төрт қабатты, қызыл кірпіштен әсем өрілген 60 пәтерлі тұрғын үйдің барлығына поли­цей­лер ие болды. Салтанатты жиынды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ашты. – Жаңа жыл сіздерге қуаныш, бақыт әкелсін. Міне, 60 адамға пәтерлердің кіл­тін тапсырғалы тұрмыз. Облыстық бюд­жет бұл үйдің құрылысына 198 миллион теңге қаржы бөлді. Мұның алдында да полицейлерге көліктер, қызмет жабдық­тары бөлінген. Ендеше алдағы уақытта қылмыс азайып, тұрғындардың алаңсыз демалуларына жағдай жасайық, ­– деді облыс әкімі. Бұдан кейін облыс әкімі Б. Сапарбаев пен облыстық ішкі істер департаментінің бастығы милиция генерал-майоры Қал­мұхан­бет Қасымов бір топ үздіктерге пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыс етті. Олардың қатарында Өскемен қалалық ішкі істер басқармасы Кадр және тәрбие жұмысы бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Ержан Бұланбаев, патрульдік полиция батальоны коман­дирінің орынбасары полиция майоры Жан­болат Санбаев, Сол жағалау полиция бөлімінің полиция қызметкерлері ерлі-зайыпты Айбек пен Айгүл Мусиновтар және тағы басқалар бар. Пәтер кілттеріне ие болған тыныштық сақшылары облыс әкіміне алғыстарын айтты. Оңдасын ЕЛУБАЙ. АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТИІМДІ Ақтөбе облыстық мемлекеттік санитар­лық-эпидемиологиялық департаментінің директоры Құралай Әлжанова өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында осы салада өткен жылы қол жеткізілген табыстар мен алдағы уақытта назарда ұсталатын өзекті мәселелерге тоқталды. Оның мәлімдеуін­ше, облыста жұқпалы, карантиндік, аса қауіпті пара­зитарлық аурулар бойынша жағдай қалыпты көрінеді. Елді мекендер­де, ұжым­дарда, медициналық мекемелерде топтық инфекциялық ауруларға шалдығу және тамақтан улану болмапты. Сондай-ақ по­лио­миелит, қызылша, іш сүзегі, көкжөтел, қызамық, сіреспе, оба, түйнеме туляремия, бөртпе сүзегі, А(Н1N1)тұмауы тіркелмепті. Салмонеллез, менингококкты менингит, “А” және “В” вирусты гепатит ауруларына шалдығу анағұрлым төмендеген. Есесіне, облыста жедел ішек аурулары, ротавирусты энтерит,”С” вирусты гепатиты, эпидемия­лық паротит, ЖРВИ, тұмаумен сырқаттану өсіп кеткен. Баспасөз мәслихатында сөз алған Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақ­стан мемлекеттік медицина универси­теті­нің профессорлары, осы аурулардың алдын алу, емдеу, сондай-ақ, Ресейдің көршілес облыстарында эпидемиялық қауіпті жағдай бола қалса өзара тығыз байланыста әрекет ету мәселелері жәйлі жан-жақты әңгімелеп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы. ӘРІПТЕСІМІЗДІҢ “ШӘКӘРІМІ” ҚАЙТА ЖАРЫҚ КӨРДІ Дала данышпаны атанған Шәкәрім қажының 150 жылдық торқалы тойына орай әріптесіміз Дәулет Сейсенұлының “Шә­кәрім” атты деректі кітабы Ас­та­на­дағы “Фолиант” баспасынан жарық көр­ген еді. Содан бергі жерде атал­мыш кітап туралы түрлі деңгей­дегі оннан астам басылым­да жылы лебіз білдірі­ліп, автор Қазақ­стан Жур­на­лис­тер одағы мен облыс әкімі сый­лығын иелен­ген болатын. Оның сыртында Дәулет Сейсенұлы Шә­­кәрім атындағы Семей мем­лекеттік университеті­нің құрмет­ті профес­соры атанған-ды. Мұ­ның бір себебі сол, бұл еңбек баспаға осы жоғары оқу орны жанындағы Шәкәрімтану ғылы­ми-зерттеу орталығында жан-жақты талқы­ланып, дайындалған еді. Енді, міне әріптесіміздің Мә­де­ниет және ақпарат министрлі­гінің әлеуметтік маңызды әдебиет тізімі­не енгізілген осы еңбегі Алматы­дағы “Қазақстан” баспасы­нан екін­ші қайтара жарық көріп отыр. Бір айта кететін жәйт, кітап­тың екінші басылымында қайсы­бір деректер нақтылана түскен. Ғұлама ақынның жаңадан табыл­ған үшінші суреті мен оның қалай табыл­ған­дығы жө­нін­де Семей мемлекеттік универ­си­тетінің рек­торы, профес­сор Ер­лан Сы­дықов­тың “Егеменде” жария­ланған ма­қа­ласы да кітаптың жаңа нұсқасы­на енгізіліп үлгерілген. Со­ны­мен бірге, автор келісімімен бас­па тара­пы­нан да ақын өміріне қа­тыс­­ты бұрын көп айтылмай келген дерек­тер енгізіл­ген. Сондай-ақ, ақын­ның бүгінгі ұрпақтарының сурет­тері де кеңінен топтастырыл­ған. Сөйтіп, әріптесіміздің атал­ған баспаның “Ғибратты ғұмыр” се­рия­сымен тағы да екі мың дана­мен жарық көрген Шәкәрім сын­ды ғұлама туралы ғұмыр­намалық деректі хикаяты өз оқырман­дарына жол тартты. “Егемен-ақпарат”.