• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Футбол 26 Мамыр, 2017

«Ақтөбеге» бас жаттықтырушы тағайындалды

191 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні еліміздегі футбол командаларының арасында ең соңында жүрген «Ақтөбе» футбол клубына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды. Ол – Владимир Муханов. 

Ол бұған дейін де бір кезде «Ақтөбенің» тізгінін ұстап, мұнда өзінің айшықты ізі мен қарымды қолтаңбасын қалдыра білген. Сондықтан да ақтөбелік футбол жанашырлары білікті ресейлік футбол маманының қайта оралғанын жылы ықыласпен қабылдады.  «Ақтөбенің» жаңа бас жаттықтырушысы Владимир Муханов «Егемен Қазақстан» тілшісіне алдағы жоспарларын айтып берді.  «Таяудағы басты міндетім, әрі басты парызым Қазақстан чемпионатында «Ақтөбенің» алдыңғы позициялардың біріне иек артуына күш-қайратым мен бұған дейінгі іс-тәжірибемді жұмсау. Осы арқылы «Ақтөбеден» көңілі қала бастаған жанкүйерлердің сенімін қайтадан орнықтыру», – деді ол.  Дегенмен, бір бұлғап қалғанда бәрі өзгеріп шыға келетін сиқыршының таяғы жоқ екенін айта келіп, бірінші кезекте команданың орнықты ойын өрнегін көрсетуіне мүдделі болып отырғанын алға тартты. Бас жаттықтырушының ойынша, дәл қазіргі күні маусым қорытындысы бойынша «Ақтөбенің» алатын нақты орны бірінші кезекте тұрған жоқ. Оның бүгінгі мақсаты – команданың тек өзіне ғана тән бет-бейнесі мен бұған дейінгі ел-жұрт біле қалған қолтаңбасын орнықтыру екен.  Ендеше, іске сәт демекпіз!  Темір Құсайын,  «Егемен Қазақстан».  АҚТӨБЕ