• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2017

Павлодарда «Домбыра-party» шарасы өтті

330 рет
көрсетілді

Павлодарда «Найзатас» журналының 5 жылдығына орай «Домбыра-party» шарасы өткізілді.

«Batyr mall» сауда және ойын-сауық орталығының алаңына жиналған жастар бұрын қалалық саябақтарда домбыра тартып, жұртты таңғалдырып жүрген-ді. Бұл жолғы шараға өнер адамдары, домбырашылар, домбыраны жаңа үйреніп жүрген жастар келді.  Кеш бойы күмбірлеген қазақ күйлері орындалды. Күйшілердің арасында Құрманғазы атындағы №1 балалар музыкалық мектебінің мұғалімі Берік Қожамбаев, шәкірті Айдана Әлкенова, тележүргізуіш Қуандық Танабас «Адай», «Балбырауын» күйлерін орындап берді. Қуандық 5 жасынан бастап күй үйренген. Анасы Фарида ұлының талабын байқап, балалар музыка мектебіне берген екен. Далада күй ойнау арқылы кішкентайлардың, жастардың ұлттық өнерге, домбыраға деген қызығушылықтарын оятады. Домбыра-party ұлттық аспаптың мәртебесін осылай еркешелеуде.  Ал, жалпы «Найзатас» журналы өңірдегі қазақ-орыс тілдерінде шығатын әдеби-көркем, қоғамдық-саяси басылым. Екі айда бір рет шығатын журналдың мазмұны айшықты.  «Мақсаты өңірдегі қаламгерлерге мүмкіндік беріп, қазақ әдебиетінің өткенімен бүгініне үлес қосу», – дейді журналдың бас редакторы, жазушы Ғалымбек Жұматов.  Фарида Бықай  «Егемен Қазақстан»  Павлодар облысы