Гонконгта дзюдодан өтіп жатқан Азия Чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан сапынан қатысқан 9 дзюдошының бесеуі іріктеу кезеңінін іркілмей өтіп, құрлықтық біріншіліктің жүлделерін сарапқа салып жатыр.
Ерлер арасында 73 келіде белдескен балуанымыз Жансай Смағұлов ел қоржынына үшінші медальді салды.
Смағұлов қола медаль үшін болған белдесуде Иран спортшысы Мохаммади Бариманлоу Мохаммадты иппон ұпайымен жеңіп, Азия Чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол өз тобынан үздік шыққанымен, жартылай финалда кореялық Ан Чангримге есе жіберген болатын.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қыздар арасында 48 килода сынға түскен Галбадрах Отгонцэцэг пен ерлер арасында 66 келіде белдескен Елдос Жұмаханов Азия чемпионатының күміс медалін иелеген болатын.
Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатына ел құрамасынан 18 спортшы қатысуда.