Салтанатты шараға ШЫҰ бас хатшысы Рашид Алимов қатысты. Ол штаб-пәтердің қонақтарына павильонның қызметі туралы толығырақ ақпарат беріп, ШЫҰ өз тарихында алғаш рет халықаралық көрменің жұмысына қатысып жатқанын атап өтті.
Бас хатшы көрме жұмысының басталу мерзімі ШЫҰ-ға мүше-елдердің басшылары кеңесінің отырысымен тұспа-тұс келетіндігін атап өтті.
«Болашақ энергиясына арналған EXPO-ның тақырыбы ШЫҰ «Шанхай рухы» энергиясымен тұтасып тұр», деп мәлімдеді Рашид Алимов.
Сондай-ақ, дипломат ШЫҰ павильонының жұмысы барысында Ұйым қызметінің түрлі аспектілеріне арналған іс-шаралар өтетіндігін хабарлады.
«Біз EXPO басшылығымен көрме аясында 27 тамыз «ШЫҰ күні» ретінде аталып өтетіндігі жөнінде келісім жасадық. Дәл осы күні Астанада ШЫҰ халықаралық марафоны өтеді, оған 5 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Алда өте маңызды бағдарлама тұр, осыған орай баршаңызды Астанадағы ШЫҰ павильонына шақырамын», деп түйіндеді ұйымның бас хатшысы.