• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Мамыр, 2017

Әскердегі әйелдер

2741 рет
көрсетілді

Әйелдердің қолына қару алып Отанды қорғау мәселесі жаңалық емес. Барлық уақытта ерлермен бірге иін тіресе жауынгер әрі батыл әйелдер Ұлы дала кеңістігін қорғаған. Қазіргі тарихи кезеңде де тәуелсіз Қазақстанның армиясында көптеген нәзік әйелдер қауымының өкілдері әскери қызмет өткеруде, ал «армияда қызмет ету – әйелдің ісі емес» деп қалыптасқан ұғым орынды емес және болмайды да.

Тарихқа үңілетін болсақ, қазақ қоғамында және көшпенді көне түркілерде әйелдердің орны Еуропа және Шығыс қоғамы­на қарағанда, жоғары болған. Әйелдер отбасының сақтаушысы, балалардың анасы әлеуметтік рөлін орындағаны сөзсіз, бұл ретте қажет болған жағдайда қолына қару алып, ерлермен бірге өз отбасын және Отанын қорғаған. Қазақ әйелдері ерте жастан өзіндік дене дайындығынан өткен – қыздарға ат үстіне отыруды, епті және күшті болуды үйрет­кен. Ер балалармен бірге ат жарысы – бәйгеге қатысқан, сонымен қатар, «қыз қууда» олар негізгі қатысушылар болған. Тарихта көптеген жарқын жауын- гер қыздардың болғаны мәлім. Әсіресе, айқын мысал­ ретінде сақ пат­шайымдары­ Томирис пен Заринаны, Малай­са­ры және Қабанбай батырлармен бірге жоңғарларға қар­сы соғысқан Гауһарды, ағасы Ке­несары ханмен бірге соғысқан Бопайды келтіруге болады.­ Не­ғұрлым жақын уақытта бол­ған мысалдар – пулеметші Мән­шүк Мәметова, мерген Әлия Молдағұлова, ұшқыш Хиуаз Дос­панова, зенитші Ақима Ақжолова және басқа да Ұлы Отан соғысына көптеген қазақстандық әйелдер қатысқан. Әйелдердің қаһармандығы осы күнге де жетті. Бүгін нәзік жандылар үшін әскери мансапты құру және Отанымыздың толық құқылы қорғаушылары болу үшін мүмкіндіктерге жол ашылған. Мысалы, Израильдегідей әскери қызметке шақырылуға міндетті болмаса да, қазақстандық қыз­дар өз еріктерімен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қарулы Күштерінің қатарына кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан армия­сында ерлермен қатар әйел әскери қызметшілердің үлкен жасағы – әскери қызметшілердің жалпы санынан 12 %-ға дейін, оның ішінде офицерлер құрамы қатарынан 5 %-дан артығырақ («полковник» әскери атағына 14 әйел ие), қатардағы жауынгер және сержанттар құрамдары қатарынан 15 %-ға дейін, ал азаматтық персонал арасында – жартысынан көбі өз әскери борыштарын орындауда. Қазақстандық қоғамда ар­мия­дағыдай гендерлік теңдік қағидаты қатаң сақталады, сон­дықтан әйелдерге армияда еш­қандай жеңілдік жоқ, қызметте бі­рінші кезекте олар – алдында бірқатар маңызды тапсырмалар тұрған әскери қызметшілер. Әскери қызметтің қиын жағ­дай­ла­рына және үлкен жауап­кер­ші­лікке қа­рамастан, еліміздің Қарулы Күш­тері­н­де­гі әйелдер ерлермен қатар ман­сап­тық саты­мен жоғарылап, жоғары бас­шы­лық лауазымдарды атқарады. Қа­зіргі уақытта екі әйел Қор­ғаныс министрлігі орталық ап­па­ратының құрылымдық бөлім­шелерінің бастықтары болып табылады (ҚР ҚМ Бас қаржы инс­пекциясының бастығы, пол­ковник Жанат Досқарина, ҚР ҚМ Білім және ғылым депар­таментінің бастығы, экономика ғылымдарының докторы, про­фессор Айгүл Төлембаева), сон­дай-ақ, 12-сі Қорғаныс министр­лігі мен Бас штабтың бөлім­дері (бөлімшелері) және бас­қар­малары бастықтарының лауазымдарын атқарады. Одан басқа, 2016 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Қа­рулы Күштері жергілікті әске­ри басқару органдарының тари­хында тұңғыш рет әйел офи­цер полковник Гауһар Сыр­лы­баева Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жө­ніндегі басқармасының бастығы болып тағайындалды.  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көптеген әскер түрлері мен тектерінде нәзік әйелдер қауымының өкіл­дерін көруге болады. Армияда жыныс­тық белгісіне қарай «жауын­герлік емес» және «жауынгерлік» лауазымдарға бөлу деген жоқ. Егер әйел иығына погон тақса, онда ол өте жауапты тапсырмаларды орындайды.  Мысалы, ҚР ҚК Әскери-теңіз күш­терінде әйел әскери қыз­мет­шілер ерлерден қалыспай тәулік бойы жауын­герлік вахтада­ тұрады, корабль экипажы құрамында тапсырмаларды орын­­дайды. Осылайша, бас старшина Жанар Ыбыраева әскери ко­рабльде қыз­мет атқарады және Каспий маңы мемле­кеттерінің флотында қызмет атқаратын алғашқы әйел әскери қызметші болып табылады. Қазақстан армиясында қыздар тек қана медбикелер, байланысшылар және іс жүргізушілер ғана бола алады деген пікір жойылған. Бүгін Отан қорғауда мерген, барлаушы, планшетші қыздар және басқалары тұр.  Әйелдер өздерінің мін­дет­терін табысты орындайтынын мойындау керек, мұны олар әр­түрлі халықаралық конкурс­тарда көрсете біледі. Жыл сайын әскери қызметші әйелдер «Достастық жауынгері» әскери-кәсіби шеберлік конкурсына бел­сенді қатысады, ол биыл Халық­аралық армиялық ойын- дар бағдарламасына енгізіл­ген. «Достастық жауынгері» халық­аралық конкурсының жеңімпазы және бірнеше мәрте жүлдегері 85510 әскери бөлімінің кіші сержанты Людмила Губареваны қазақстандық армияның жарқын әйел өкілдерінің бірі деп есептеуге болады – 2014 және 2016 жылдары президенттік көпсайыс чемпионы, 2017 жылы биатлоннан ҚР ҚК чемпионы, «Достастық жауынгері» халықаралық конкурсында: 2015 жылы Қазақстанда жеке сынақта 1-орынға, 2016 жылы Қазақстанда жеке сынақта 1-орынды және Мәскеуде қазақ­стандық құраманың құрамында 3-орынға ие болды.  Қарулы Күштердегі қызмет­тің тағы бір аспектісі – бітімгершілік қызмет, оған Қорғаныс министр­лігі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, оның ішінде бітімгершілік істерге қатысу жөніндегі халық­аралық міндеттемелерді орындау үшін мемлекеттің қорғаныстық саясатының маңызды құрамдас бөлігі деп қарайды. Бұл бағытқа біздің әйелдер ша­масы келгенше қатысады. Осы­лайша, 2009 жылдан бастап «Бейбітшілік жолындағы серік­тестік» оқу-жаттығу орталы­ғын­дағы арнайы даярлық курс- тарында 63 әйел әскери қызметші және ҚР ҚК қызметкері оқытылды. Қазіргі уақытта Қазақстан бітім­гер­шілік бригадасында 100-ден астам әйел (оның ішінде 6 офицер) әскери қызмет атқарады. Болашақта әйел әскери қыз­мет­шілердің әскери сарапшылар ретінде, сондай-ақ, бітімгершілік миссияларға қатысатын Қазақ­стан Республикасы ұлт­тық кон­тингентінің құрамында БҰҰ бітім­гершілік миссияларына қатысу мүм­кіндіктері қаралуда. Алайда, әскери қызмет атқару жағ­дай­ларының күрделі болуына қарамас­тан, әйелдер кез келген жағдайда өздері­нің нәзіктігі мен тартымдылығын сақтап қалады. Бұған 2015 және 2016 жылдары Қарулы Күштерде әйел әскери қыз­мет­шілер арасында өткен «Батыр арулар» жобасы дәлел болып табылады. Өтінім берген сәттен бастап салтанатты рәсімге дейін қыздар нәзік әйел табиғатына сай келе бермейтін сынақтарды орындап, ұзақ жолды жүріп өтті. Олар қарудан нысана көздеді, граната лақтырды, барлық мүмкін болатын кедергілерді еңсерді, өзенді жүзіп өтті, қуатты жауынгерлік машиналарды жүргізді. Нәтижесінде, жыл сайын ке­зекті сынақтардан өтіп, жауын­герлік әзір­лігін, төзімділігін және күш-жігерін дәлел­деген 12 жеңімпаз анықталды. Соңында қыздарды кәсіби стилистердің қолымен көркем сипатқа ие болу және арнайы күнтізбе үшін фотосессия күтіп тұрды.  Әйелдердің Қарулы Күштер­дегі қызметте және еңбек қыз­метіндегі сіңірген еңбектері де назардан тыс қалмайды. Осылайша, қазіргі уақытта мемлекеттік наградаларға 12 әйел (олардың ішінде 2-еуі екі мәрте марапатталған) ие болды, әртүрлі уақытта мерзімінен бұрын кезекті әскери атақтар 24 әйелге берілді. Әлемдік деңгейде Қазақ­станның имиджі мен беделінің нығаюына салмақты үлес қосып жүрген әскери спортшы қыздар бар. Жеңіл атлетикадан жеңімпаз және Олимпиада чемпионы майор Ольга Рыпакованы қазақстандық армияның спорттағы мақтанышы деп еш күмәнсіз айтуға болады. Халықаралық аренада АОСК спорт­шы қыздары қысқы спорт түрлерінен мол табыстарға қол жеткізді. Биыл Алматыда өткен Уни­вер­сиадада биатлонға қатыс­қан сержант Алина Райкова 15 ша­қырымдық жеке жарыста жеңіске жетіп, Қазақстанға алғашқы «алтынды» сыйлады. «Күміс» жеңіп алған Дарья Усанова аралас команда құрамында ерекше көзге түсті. Жапонияда басталған Азия ойындарында сержант Алина Райкова кезекті награда – қола медальға қол жеткізгенін атап өткен жөн. Ал шаңғы жарысына қатысқан аға сержант Елена Коломина осы материалды жазып жатқан кезде құрлықтық біріншілікте екі «алтын» және бір «қола» – наградалардың толық топтамасын жинап үлгерді. Біздің қадірлі әйелдер қызмет атқаратын және еңбек ететін ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық ор­талығы қазақстандық жастар­ды Отанға сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу ісіне, Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштерінің имиджінің нығаюына шамасы келгенше үлес қосуда. Тарихи құндылықтарды жүйелі түрде жинау, музей қо­рын­ есепке алу және сақтау, жа­сақтау, сондай-ақ, Әскери-та­рихи музейдің экспозициялық зал­дарын орналастыру бойынша қатар­дағы жауынгер Перизат Өтепова, Гүлсара Мұқашева, Карина Шериязданова сияқты тәжірибелі мамандар көп жұ­мыс атқаруда. Жоғары кәсіби ше­берлік деңгейінде концерттік бағдарламаларды дайындайтын және Орталық ансам­бль­дің концерттерін Қазақстанда, сол сияқ­­ты мемлекетімізден шет жер­лерде концерттерді ұйымдас­ты­ратын Діл­бар Әмірова орталық­тың көркемдік жетек­шісі болып табылады. Әйелдердің ғылыми қыз­мет­пен айналысулары да назардан тыс қалмайды. Бүгінгі күні Қарулы Күштердегі 21 әйелдің ғылыми дәрежесі бар, олардың ішін­де жоғарыда аталған Айгүл Төлем­баевадан басқа, екеуінің  профессор ғы­лы­ми атағы және біреуінің доцент ғылы­ми атағы бар: - ҚР ҚМ Бас әскери клини­ка­лық госпиталі бастығының меди­циналық бөлім жөніндегі орынбасары, медицина қызметінің пол­ковнигі Гүлпарида Байділдаева – гуманитарлық ғылымдар профессоры; Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлт­тық қорғаныс университетінің қызмет­керлері: - ғылыми хатшы Сайран Мұ­ха­мет­жанова – тарихи ғылым­дарының докторы, профессор; - аға оқытушы Ядвига Рад­зицкая – педагогика ғылым­дары­ның докторы, доцент. Әскери қызметтің бүкіл шек­теу­лері мен талаптары кезінде әйелдер отба­сын, оның құнды­лықтарын сақтауға да уақыт табады – балаларымыздың мейі­рімді аналары бола біледі, өскелең ұрпақ тәрбиесін қамқорлыққа алады: шамамен 740 әйел әскери қызметші және азаматтық персонал қатарынан көп балалы аналар болып табылады, олардың 10-ы «Күміс алқа» алқасымен және 3-еуі «Алтын алқа» алқасымен марапатталды. Сөз соңында бүгінгі күні әйел­дерсіз қазіргі армияны елес­тету мүмкін емес екенін атап өткім келеді. Кейбір міндет­терді өздерінің психикалық-физио­логиялық ерекшеліктеріне қарай ерлерге қарағанда, анағұрлым жауап­ты әрі тиімді орындайды, кей­бір әскери кәсіптерді әлде­қашан таңдап, оларды атқаруда. Әйелдер анағұрлым күйзеліске төзімді және шыдамды болып саналады, жалпы, олар ерлерден кем қызмет атқармайды.

Талғат Мұхтаров,генерал-лейтенант,  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің  орынбасары