Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ кәсіпорынның 10-жылдығына арналған фестивальда Индустрияландыру тақырыбына арналған туындылар, инсталляциядан тұратын экспозиция, өндірістік цех қабырғаларына салынған көркем туындылар таныстырылды. Бір ай бойғы шығармашылық жұмыстың нәтижесінде үздік аэрографистер командасы кәсіпорынның 3 өндірістік цех қабырғаларына салынған көркем композицияны ұсынды.
Аэрографияның көлемі 1 000 шаршы метрді құрайды. Суретшілер өз туындыларын салуға 150 литр бояу жұмсапты. Суреттер мақсаты - компания жұмысының негізгі басымдықтары сапалы өнім шығару, «Жасыл өндірісті жаңғырту», үнемді және қалдықсыз өндірісті ілгерілету, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, кәсібилік, әлеуметтік жауапкершілік. Облыс орталығындағы көркемсурет колледжінің студенттерінің индустрия тақырыбына арнаған осындай шығармашылық еңбектері өз мақсаттарына жетті деген сөз. Картиналары, инсталляциядан тұратын экспозицияларында индустрия пейзажы, кәсіпорын жұмысшыларының күнделікті еңбек тынысы, «қанатты металл» өндірісінің толық циклі суреттелген. Жас суретшілер инсталляцияларында боксит, әктас, алюминий тотығы, алюминий мен тіпті металлургтердің жұмыс құралдарын да пайдаланған.
– Жобаға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Өндіріс тақырыбын суреттеу үшін алдымен алюминий металын өндіру жайымен таныстық. Зауыт өмірін картиналарымызда өз көргеніміздей суреттеуге қол жетті,-дейді шығармашылық топ жетекшісі, колледж оқытушысы Ольга Керимова.
– ART-композиция біздің зауытта ғана бар,-дейді «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның президенті Роман Романов. – Өндіріс орны-заман ағымымен дамып келе жатқан жас кәсіпорын. Зауытта ерекше, креативті жастар жұмыс істейді. Сондықтан зауыт заманға сай, металлургия саласының инновациялық көшбасшысы болуға әбден лайық деп ойлаймын.
Фарида Бықай,
"Егемен Қазақстан"
Суреттерді түсірген Виктория Машкарина
Павлодар