• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әдебиет 02 Маусым, 2017

Ой тамшылар шиырлайды санамды...

517 рет
көрсетілді

Мұңның шыңырауында шат­тық сықылықтайды. 

Қазақтың басы – Абай, жүрегі – Мұқағали. Бұл – аксиома!  * * * Әлемде жүректі зерттеп зерделеген жалғыз-ақ ғалым бар. Ол – Мұқағали Мақатаев! * * * Біздің халқымыз бейбіт өмір­ге шөлдеп туған. Әлі де шөлдеп ке­леміз. Мәңгілік шөлдей береміз.  * * * Мұхаммед с.ә.с Пайғамбардан қалған өсиет бар: «Бүлік шыққан жерге жоламаңдар». Себебі, онда сасық иіс бар. Дөкір иіс қанды бұзады, ақыл-есті тұмшалап, жүректі қабады.  * * * Ұлылық кішіреюден басталады.  * * * Ренжімеңіздер! Ерсілеу сөз, әрине. Заман күйлейді. Содан да мың-мың құбылады. Қазіргінің за­маны – қысқа да нұсқа. Сан емес, сапа.  * * * Кеш − ескілік. Таң – жаңалық. Түс – құбылу.  * * * Ақылға сыймаған жүрекке сияды.  * * * Өзіңді өзгелер жұтып қоймас үшін өзіңді өзің жеуді үйрен.  * * * Ұлылар ылғи да көлеңкені сая­­лай береді. Ал даңғойлар бол­са жарыққа ұмтылумен бола­ды. Се­бебі, ұлылардың іші – жап-жа­рық, даңғойлардың іші – қа­раң­ғы.  * * * Сөздің құдіреті: «Құдайдан қо­рық­пағаннан қорық».  * * * Жаны бұзық бір басқа. Қаны бұзық бір басқа. Жаны бұзық бас­тауына қайтып оралады, ал қаны бұзық келмеске кетеді. Қаны бұзықтардан сақтану керек. 

Сағат ЫРЫС-ДӘУЛЕТ

Соңғы жаңалықтар