• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Маусым, 2017

Манилада қонақүйге шабуыл жасалып, 34 адам қаза тапты

206 рет
көрсетілді

Филиппинде батыс туристері ең көп баратын Resorts World Manila қонақүй кешенінде атыс пен жарылыстар болған, деп хабарлайды Reuters.

Филиппин полициясының басшысы Рональд де ла Розаның мәліметінше, оқиғаның террормен байланысы жоқ. Бетперде кигендер казиноның фишкаларын ұрлап кетпек болған. Кейін Маниладағы қонақүй кешенінде 34 адамның мәйіті табылғаны белгілі болды.

Шабуылды Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ террористік ұйымы өз мойнына алып отыр. Ал ДАИШ-тың бұл шабуылды өз мойнына алуын Филиппин полициясы үгіт-насихат деп атап отыр.