Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында 7 Shuttle Bus маршруты енгізілетінін хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл бағыттарда Iveco Urbanway маркалы 167 автобус қатынайды. Маршруттар аялдамалар санының аздығымен ерекшеленеді. (орташа 8)
Shuttle Bus тік бағыттар бойынша жүреді және адам көп жиналатын жерлерге ғана тоқтайды. Күнделікті тасымалдау қабілеттілігі - 80 мың сапар. Жолақы құны – 150 теңге болады.