• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 05 Маусым, 2017

Қазақстанда ең көп жалақы алатын өңірлер мен кәсіп иелері

421 рет
көрсетілді

2016 жылы Қазақстандағы айлық орташа жалақы көлемі 143 мың теңгені құрады. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

Дәленовтың айтуынша, ең көп жалақы алатын өңірлер Атырау мен Маңғыстау облыстары (250 теңгеден астам). Ал ең төменгі жалақы алатын өңірлер СҚО мен Жамбыл облыстары (100 мың теңгеден аз). 

Кәсіп түрі бойынша, ең көп жалақы ұшқыштарда, мұнайшылар мен шахтер және құрылысшыларда. Ең аз жалақы мұғалім, медбике, зоотехник пен балабақша тәрбиешілерінде. 

"Жалпы жалдамалы жұмыскерлердің 1/3-і айына 100 мың теңгеден көп алады. Ал 100 адамға дейін жұмыс істейтін шағын мекелердегі қызметкерлер орташа есеппен айына 134 мың теңге алады", - дейді министр орынбасары. 

Оның айтуынша, Қазақстанда қазір 13 млн ересек адамның 9 млн-ы еңбекке қабілетті жандар. Соның ішінде 70,5%-ы жалдамалы жұмыскерлер болса, 24,5%-ы өзін өзі жұмыспен қамтушылар, қалған 5%-ы жұмыссыз. 

Министр орынбасарының мәліметінше, республикадағы жұмыскерлердің 63,2%-ы қызмет көрсету саласында, 20,6%-ы өнеркәсіп пен құрылыста, 16,2%-ы ауыл шаруашылығында.