• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Бокс 05 Маусым, 2017

Қазақстандық боксшы АҚШ-та титулды жекпе-жек өткізеді

167 рет
көрсетілді

Жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов АҚШ-та өтетін титулды жекпе-жегі жайлы ой бөлісті. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Осы айдың соңында АҚШ-та титулды жекпе-жегімді өткіземін. WBC басшылығы NABF белбеуі үшін болатын кездесуді ұсынды. Ал қарсыласымды өздері таңдап береді. Бұл АҚШ-тағы алғашқы әрі бірден титулды айқасым болмақ. Өз тарапымнан келісімімді бердім. WBC жіберген келісімшартқа қол қойдым. Енді дайындалып жүрмін», деді Әли Ахмедов.

Ол сондай-ақ, жаттығулары жайлы да ой бөлісті.

«Қазір Алматыда дайындығымды бастап кеттім. 15 маусымда Лас-Вегаста Флойд Мэйуезердің залында негізгі жұмысымды бастаймын. Ол жақта екі сапрринг өткіземін. Бапкерім Сағатбек Мұсахновпен бәрін жүйелі түрде өткізіп жүрміз. 28 маусым күні Миннеаполиске ұшамыз, 29 күні салмақ өлшейміз, ал келесі күні жекпе-жегім өтеді», деді боксшы.

Айта кетейік, 21 жастағы боксшы кәсіпқой рингте өткізген алты жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен. Соңғы айқасында тәжірибелі гамбиялық боксшы Патрик Мендиді ұпай бойынша жеңді. Әли Ахмедов жыл соңына дейін өз салмағында ТОП-10 боксшының қатарына кіруді жоспарлап отыр.