• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Бокс 06 Маусым, 2017

Головкин-Альварес жекпе-жегінің өтетін орны белгілі болды

168 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО)  мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жектің өтетін орны белгілі болды.

«Ресми түрде, «Канело» - Головкин айқасы 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өтетінін хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін қызық шоу болады!» деп жазды қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер туиттер парақшасында.

T-Mobile Arena кешенінің сыйымдылығы – 20 мың адам. Головкин осы аренада әрі Лас-Вегаста алғашқы жекпе-жегін өткізбек. Ал мексикалық боксшы 2015 жылы мамырда Амир Ханмен, сондай-ақ отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен айқасты. Бұл қалада ол барлығы 10 жекпе-жегін өткізген.