• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 06 Маусым, 2017

Ж.Қасымбек: Арнайы экономикалық аймақтардың даму қарқыны баяу

249 рет
көрсетілді

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бүгін Үкімет отырысында еліміздегі Арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) дамуына кедергі келтіріп отырған бірқатар проблемаларды айтып берді.

“АЭА қызметіне жүргізілген талдау нәтижесінде бірқатар жүйелі проблемалары анықталды. Біріншіден, инфрақұрылым құрылысының қарқыны баяу. Әлемдік тәжірибеде АЭА инфрақұрылымы құрылысының орташа мерзімі 2-3 жылға созылады (БАӘ, Польша, Қытай). Алайда, бізде бұл мерзім 5 жылдан асып түседі. Осылайша, СЭЗ «ҰИМТ» АЭА 10 жылдан бері бар – инфрақұрылымның әлі аяқталмаған. Астана АЭА-да әлі күнге дейін 60 учаскеде жылумен жабдықтау жоқ“, деді министр.

Мысалы, «Павлодар» АЭА инфрақұрылымына қаражаттың ең азы бөлінген (6 жылда – 3,4 млрд. теңге), сондықтан оның дайындығы 15-20%-ды ғана құрайды екен. Инвесторлардың үлкен мүдделілігін есепке ала отырып ауданы 650 га болатын АЭА-ның құрылысын аяқтау қажет. 550 га болатын екінші аймақты инвесторлар есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда. Әкімдікте әлеуетті инвесторлар бар.

Осыған байланысты, қалған 4 АЭА-да инфрақұрылым құрылысын аяқтау ұсынылады (Астана, Павлодар, Ақтау теңіз порты, ҰИМТ). Бұл ретте салу кезеңіне және сұратылған сомаларға тиімдірек кіріскен жөн.

Сонымен қатар, өңірлер Астана және Шымкенттегі Оңтүстік АЭА-ның аумақтарын кеңейту мәселесін қойып отыр.

Астаналық АЭА-ның негізгі мәселесі – 600 гектардан қазір 26 гектар бос жер қалды. Сондықтан, 433 гектарлы екінші парктің құрылысы бойынша мәселені қазір шешу қажет. Ол бойынша ТЭН әзірленді.

Осындай жағдай аумағы 200 гектарды құрайтын ОҚО «Оңтүстік» АЭА орын алған, бос жердің 13 гектары қалды. Сондықтан жақын арада аумақты кеңейту қажеттілігі туындайды. Әкімдік АЭА маңынан резервті аумақты анықтап қойды.

Екінші мәселе, басқару органдары жұмыстарының әлсіз тиімділігі және төмен толтырылуы.

Бүгін барлық АЭА аумағында сапалы жобалармен толтырылуы қажет жүргізілген инфрақұрылымы бар қолжетімді жер учаскелері бар (1417 га). Мысалы «ҰИМТ» АЭА-да – 600 жуық гектар, Қарағандыда – 270, Хоргоста – 242 га.

“Одан басқа, Сіздің тапсырмаңыз бойынша біз «ИТП» АЭА барлық қатысушыларының шарттарына толық аудит жүргіздік. Толық аудиттің қорытындыс бойынша өз міндеттерін орындамай отырған 42 қатысушымен шарттарды бұзу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай жұмысты біз АЭА меншік иелерімен бірлесіп басқа да АЭА-да бастадық“, деді Ж.Қасымбек.

Осылайша, бүгін АЭА аумақтарында тиімсіз пайдаланылған жер учаскелері де бар (жалпы аумағы 95 гектар). Оларды босату бойынша жұмысты жүргізу қажет.

Анықтама ретінде: «Астана – жаңа қала» АЭА – 48 га, «Ақтау теңіз порты» АЭА – 26 га, «Сарыарқа» АЭА – 28,3 га, «Павлодар» АЭА – 8 га және «Оңтүстік» АЭА – 4 га.

Толтыру және АЭА жобалардың сапасын жоғарылату үшін бүгінгі күні Министрлікпен Штабы шеңберінде әрбір АЭА бұдан әрі дамыту және толтыру стратегиясы әзірленіп жатыр.

Мемлекеттік компаниялар мен әкімдіктер басқаруға статегиялық серіктестерді тарту бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Осылай, Дубайлық ДиПиУолд (DPW) ҚТЖ бірлесіп Қорғас АЭА әлдеқашан жұмыс істеуде. Сондай-ақ олармен Маңғыстау облысы әкімдігі де «Ақтау теңіз порты» АЭА басқару бойынша меморандумға қол қойды.

«ҰИМТ» және «Тараз» АЭА-на ЭДИС сингапурлық компаниясын тартты.

Қарағанды облысы әкімдігі АйДиАй Менеджмент (IDI) ирландық компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Аталған тәжірибені бақса да АЭА пайдалану мақсатқа сай.

Үшіншіден реттелген және әкімшіліктендіру күрделілігі себебі бойынша жеңілдіктерді пайдаланудағы мәселелер. Салықтық және басқа да жеңілдіктерді тиімді және нақты ұсыну үшін АЭА қатысушыларын салықтық әкімшіліктендіру тетігін оңтайландыру қажет. АЭА мәселесі бойынша барлық салық мәселелерін біз ҰЭМ-де Салық кодексі бойынша жұмыс тобы шеңберінде пысықтадық. Олар:

- қызмет түрлеріне бөлек есепке алуды еңгізе отырып, арқылы жылдық жиынтық табыс бойынша 90-да 10 талабын алып тастау.

- басқару компанияларынан қаржылық қамтамасыз ету бойынша талапты алып тастап (205 мың АЕК – 465 млн.теңге), растауды қатысушылардың өздеріне жүктеу.

 - «ИТП» АЭА үшін әлеуметтік салық және эксаумақтық қағидаты бойынша жеңілдікті 2028 жылға дейін ұзарту.

- ҚҚС 0 мөлшерлемесі бойынша жеңілдікті әкімшіліктендіруді оңтайландыру.

Мысалы:

1) инвесторлардың жылдық жиынтық табыстарына қойылатын «90/10» талабы. Яғни табыстың 90% АЭА қызметінің басым бағыттарынан болуы қажет. Бұл ретте инвесторларда басқа да табыстар болуы мүмкін, мысалы ресми түрде қызметтердің басым бағыттары өндіріс кезеңдерінің бірі болып табылатын бағамдық айырмашылықтан, бүтін технологшиялық процесстердің орындалуынан да болуы мүмкін және тағы басқа.

Сондықтан қызмет түрлері бойынша әр түрлі есептеулерді еңгізу арқылы аталған талапты алып тастау қажет.

Төртіншіден, бұл АЭА-ғы қатаң салалық шектеу. Қызметтің басым бағыттарын кеңейту тәртібінің өзі қиын және айтарлықтай ұзақ процесс. Мемлекет Басшысының Жарлықтарын және РБК комисиясының оң шешімімен үш (3) қаулысы қабылданғанға дейін инвесторларға бір жылға жуық күту қажет. Мысалы, біз жылдың басынан бастап бері өңірлермен «Оңтүстік» АЭА химия және мұнай-химия бөлігіндежәне «Павлодар» АЭА металлургия және резеңке бойынша қызметтің басым бағыттарын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.Аталған мәселе қазіргі уақытта Парламенттегі өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі Заң жобасы шеңберінде ішінара шешілуде. Бұл қызметтің басым түрлерінеенгізілмеген жаңа жобалар бойынша шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді.

Бесіншіден, өңірлерде жер учаскелерін алу ұзақ мерзімді қамтиды (орташа есеппен жарты жыл). Сондай-ақ, жалпы қағидалар бойынша рұқсатнама құжаттары да жобалардың іске асырылуын баяулатады, алайда АЭА тәртібі әлемдік тәжірибеге сәйкес арнайы жеңілдетілген тәртіпті қарастыруы қажет.

Сондықтан да АЭА режимінің әлеуетін толық көлемде ашып және жер учаскелерін және басқа да рұқсат беру құжаттарын алудың жекелеген (жеңілдетілген) тәртібін көздеу қажет.

Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан»