• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 06 Маусым, 2017

ЭКСПО еріктілері Астана әкімінің білім грантына ие болады

522 рет
көрсетілді

ЭКСПО көрмесінің ең белсенді еріктілеріне Астана қаласы әкімінің 20 білім гранты табысталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Асхат Ораловтың хабарлауынша, барлық (1,5 мың адам) ерікті арнайы оқудан өткен. Шетелдік қонақтармен сөйлесу техникасын үйренді, тарих пен Астананың көрікті жерлері, ЭКСПО-ның ерекшеліктері туралы ақпараттандырылды.

Қала ішіне тәулігіне кезекшілікке 500 ерікті шығады.

- Еріктілерге арналған ынталандыруда тамақтану және тұру жағдайының жасалауынан басқа, ең үздік, белсенді еріктілерге қала әкімінің 20 гранты беріледі. Бұдан бөлек, олар алғыс хатттар мен сыйлықтар алады, - деді Асхат Оралов.