• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2017

Әлеуетті әулет

433 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында «Мерей­лі отбасы» байқауының жеңім­паз­да­рын марапаттау рәсімі бол­ды. Бұл байқау Мемлекет бас­шы­сы­ның бастамасымен елімізде 2014 жыл­­дан бастап өткізіліп келе жат­қа­нын айта кеткен абзал.

Сонымен, ұлттық байқаудың аймақтық сынында Шиелі ауданының тұрғындары  − Исламхановтар әулеті жеңімпаз атанды. Отағасы Әрібжан Исламханов тыл ардагері және еңбек ері, жары – Назым Қалменова «Батыр ана», «Алтын алқа» иегері. Шаңырақ құрғандарына 59 жыл болған отбасы бүгінде 10 баладан 40 немере, 16 шөбере сүйіп отыр. Ал бірінші орынды Жалағаш ауда­нынан Ғаниевтер отбасы иеленсе, екін­ші орын аралдық Аймырзаевтар от­ба­сы­на бұйырды. Жүлделі үшінші орын­ды сырдариялық Сұлтановтар мен жа­ла­­ғаштық Нұрмағанбетовтер әулеті қан­жы­ғаларына байлады. Сонымен қатар, Жаңа­қорған ауданынан Арыновтар отбасы «Ұлағатты отбасы» номинациясымен, қармақшылық Шымбаевтар отбасы «Өнерлі отбасы» номинациясымен, Қы­зылорда қаласынан Балмахановтар от­басы «Қамқорлық» номинациясымен, сырдариялық Мясцовтар әулеті «От­басылық үйлесім» номинациясымен марапатталды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев байқауға барлық қатысушыларды осындай үлкен жетістіктерімен құттықтады. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  бастамасымен  қолға алынып,  бүгінде  ұлттық мәртебеге ие болған  «Мерейлі отбасы» байқауы  отбасы құндылықтары мен қазақ үшін қашанда киелі саналатын бір шаңырақ астында  берекелі өмір сүрудің маңыздылығын насихаттауда орны ерекше,  тағылымды шараның біріне айналып отыр.  Аймағымызда төртінші рет өткізіліп отыр­­ған бұл мерейлі шараға қатысуға ни­ет білдірушілер жылдан-жылға  артып келе жатқаны қуантады. Биыл байқауға облысымыздың барлық өңірінен 337 отбасы қатысты. Бұл отбасылардың барлығы да керемет, нағыз жеңімпаз отбасылар, – деді аймақ басшысы. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ержан Байтілес, «Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА