• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2026

Түркістан облысында танысына оқ атқан күдікті ұсталды

40 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Сайрам ауданында танысына травматикалық оқ атқан күдікті қолға түсті. Облыстық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті тұрмыстық жанжал кезінде қару қолданған, деп жазады Egemen.kz.

Оқ жарақатының салдарынан жәбірленуші зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілген.

Полиция жәбірленушінің өміріне қауіп жоқ екенін және үйіне жіберілгенін мәлімдеді.

Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Одан травматикалық тапанша тәркіленіп, заттай дәлел ретінде іске тіркелген.

Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласында Шымкентте ер адам жеке басараздығына байланысты әйелді пышақтап кеткенін хабарлағанбыз. 

Семейде ер адам полицияның қызметтік көліктерін өртеп жіберді 

 

Соңғы жаңалықтар