• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2017

Ел қуанышына балалар да ортақ

112 рет
көрсетілді

Қарағандылық оқушылардың Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне тегін баруы үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Бірінші топ елордаға 12 маусымда сапар шегеді. Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, сапар екі күнге созылады.

Бағдарламада ЭКСПО-ны және елорданы аралап шығу қарас­тырылған. Қарағандылық балалар Астана қаласының поли­техникалық колледжінің жатақ­ханасында орналастырылады. Оқушыларды тамақтандыру мәселесі де шешілген. Бір оқу­шының сапарына бюджеттен 27 мың теңге бөлінген. ЭКСПО билеттері ресми туроператорлардан сатып алынған. Облыстық кәсіпкерлік басқар­масының жетекшісі Татьяна Аб­лаева мәлімдегендей, бюджет қаражаты есебінен ЭКСПО-ға Қарағанды облысынан 3750 оқушы барады. Олар – дарынды балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері және тұрмыстық жағдайы төмен отбасындағы бүлдіршіндер. 1050 дарынды бала мен жетімдер үйі балаларының сапарына облыс­тық бюджеттен қаражат бөлінді. Ал 2700 жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларды тегін елордаға аттандыру үшін жергілікті қалалық және аудан­дық бюджеттерден қаржы қарас­тырылған. Экскурсиялар ЭКСПО-ның жа­былуына дейін, яғни 10 қыр­күйекке дейін жалғасады. 

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы