• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2017

Шыңдар шақырады

312 рет
көрсетілді

Құзар шыңдарға құштар Мақсұт Жұмаев Алматыдағы «SKALA» шыңға өрмелеу орталығында «Нақты уақыт режімінде шыңға шығу теориясы» тақырыбында тамаша шеберлік-дәрісін өткізді.

Тау басына өрмелеген танымал спортшымен кездесуге еліміздегі альпинизм шеберлері ғана емес, әуесқойлар да ынтық. Себебі біреу – Мақсұт Жұмаев – әлемнің сегіз мың метрлік бар­лық 14 шыңын бағындырған алғашқы қазақ! Айтқандай, альпинист жуыр­да ғана оралған Карстенс пира­мидасының биігіне шеккен саяхаты мен (Puncak Jaya шыңы, Жаңа Гвинея аралы, 4884 м, Мұхит аралдарының жоғары нүктесі, наурыз 2017) «Үс­тірт құпиясы» (аттас үстірт, Батыс Қа­зақстан, мамыр 2017) сапа­ры­ның әсерлері туралы әңгі­меледі.  Мақсұттың айтуынша, аль­пинизм бейғамдық пен салғырттықты көтермейді. «Шың­ға шығып бара жат­қанда, кез келген ұсақ-түйек кедергі келтіріп, нәтижесінде қиын жағ­дайға тап болуыңыз мүмкін. Сол үшін дайындық барысын­да өте мұқият болған жөн. Мә­ліметтерді жолдау жыл­дам­дығы жоғары байланысты таң­дап, төмен температураға төзімді ықшам жабдықты алған дұрыс. Ең бастысы – батарея­ның қуат сыйымдылығы. Мы­на­дай жағдайлар орын алуы мүмкін, сізге құтқарушыларды ша­қыру немесе дәрігерлермен кеңесу қажет болады. Ал теле­фо­ныңыздың қуаты таусылып қалған жағдайда, сенімді опера­тор­дың қызметіне жүгінген жөн», дейді. 

Айнаш Есали, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ