• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Бизнес 08 Маусым, 2017

Қазығұрттық дихандар таңқурай өсіруде

129 рет
көрсетілді

Қазығұрттық дихандар таңқурай өсірудің әдісін әбден меңгеріп алды.

 

"Нұр-Айдар" шаруа қожалығының басшысы Еркін Шералиев үш гектар жерге таңқурай егіп, алғашқы өнімін алған. Оның айтуынша күзде бір гектардан 12 тоннаға дейін өнім алуға болар екен.

Жергілікті тұрғындар таңқурайды гүлдеу алдында және жидектерінің дамуы кезінде суғарады. Су сіңген соң атызын жауып, топырағын қопсытады. Жердің жоғары қабатын арамшөптерінен және тамырлардан тазартады. Таңқурай егуде органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданылады.

Жігірген жидегін баптауға ауылдың 30-дан астам тұрғыны жұмылдырылған. Топырағы жақсы тыңайған кезде таңқурай екі айда бір өнім береді. Қожалық басшысы дайын өнімді көтерме бағамен саудалауды көздеп отыр.

Дәрумен жеміске жеңсік адамдар көп.

Бақтияр Тайжан,

"Егемен Қазақстан"

Оңтүстік Қазақстан облысы.