• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2017

Солтүстік өңірде су қоймасы мен бөгет салынады

266 рет
көрсетілді

СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынынан көп зардап шеккен Рузаев ауылының тұрғындарымен кездесіп, жағдай толық қалпына келгенше көмек шаралары жалғасатынын жеткізді.

Аудан әкімі Владимир Дудов 119 отбасының әрқайсысына  96 мың теңгеден демеуқаржы  берілгенін, халық қалаулылары, жекелеген адамдар мен кәсіпкерлер тарапынан  жан-жақты  көмек көрсетілгенін айтты. Үйлері мүлдем жарамсыз қалған отбасылар жаңа баспаналармен қамтамасыз етілген.

«Ақша мен үй алғандарыңыз – жұмыстың аяқталғанын білдірмейді. Облыста жағдай толық тұрақталғанша бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тасқынға тосқын қою жайы Үкіметте қаралды.  Биыл  қар 1,5-2 есе көп жауды. Сергеев су қоймасына нормадағыдан 1,5 есе көп жиналды. Алдағы уақытта  осындай оқыс оқиғалар  орын алмас үшін Ақмола облысында тағы бір су қоймасын салу жөнінде ұсыныс жасалды. Сонда Сергеев су қоймасы реттеледі. Бұдан тысқары  Петропавлдағы Былғары зауыты аумағында ұзындығы 2,5 шақырымдай бөгет тұрғызылады»,- деді өңір басшысы.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».