• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2017

Күршімде ауыз су мәселесі шешімін тапты

177 рет
көрсетілді

Күршім ауданында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Боран ауылы толықтай ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ал келер жылы Қалжыр ауылына да ауыз су құбыры салынады деп жоспарланған.

Құны 651,5 млн теңге болатын жоба аясында Боран ауылының 2 мыңнан астам тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Жоба іске асқаннан кейін өңірде ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 63%-ға дейін өседі деп болжанып отыр.

 – Боран ауылын таза сумен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болған. Енді су құбырлары жыл соңына дейін тартылып, ауыз су тапшылығы мәселесі түбегейлі шешілмек. Сол сияқты Қалжыр ауылында сумен қамтамасыз ету жобасы келер жылдың жұмыс жоспарына кіріп, 2018 жылы су құбыры тартылады, – деді Сейсенғазы Чукаев.

Ауданда өткен жылы «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Бурабай, Ақбұлақ, Аманат, Жаңаауыл, Қазақстан, Маралды, Сарыөлең ауылдарында 1200 метр су құбыры желілері тартылып, бұдан бөлек бірқатар ауылдарға 14 құдық орнатылған.