• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Президент 09 Маусым, 2017

Елбасы Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

82 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы кездесуде Сыртқы істер министрінің орынбасарына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысуға келгені үшін алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Иранда өткен сайлауда қазіргі Президент Х.Руханидің жеңіске жеткені туралы хабарды ризашылықпен қабылдағанын атап өтті.   

– Мені ислам әлемінде орын алып отырған қарама-қайшылықтар қатты алаңдатады. Өзара түсіністік пен сенім тезірек орнайды деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

– Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейде. Сіздің және Иран Президентінің өзара сапарларыңыздың арқасында олар қарқынды дамуда, – деді И.Рахимпур.   

Сондай-ақ, И.Рахимпур Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.