• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2017

Төле би ауданында 10 шағын су электр станциясы салынады

479 рет
көрсетілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Төле би ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлім етті. Төлебиде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларына тоқталған аудан басшысы алдағы уақытта баламалы энергия көздерін дамыту бойынша ауданда 20 МВт элект энергиясын өндіретін ірілі-ұсақты 10 су электр станциясы салынатынын айтты.

Ал биыл жоғарғы Ақсу мен Сайрам өзендері бойынан инвестиция көлемі 1,5 млрд теңге болатын 5 МВт электр қуатын өндіретін ГЭС пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, ол мемлекеттік бағдарламалардың ауданда табысты жүзеге асырылуының нәтижесінде  аудан экономикасы едәуір артып, халықтың тұрмыс-тіршілігі айтарлықтай  жақсара түскенін айтты.

«Биыл аудан бюджетінің көлемі 17 млрд. теңгені құрады. Ал Жалпы өңірлік өнім осы жылдың төрт айында 20 млрд. теңгеге жетті. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 1808,9 млн. теңге болып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен саластырғанда 104,3 пайызды құрады. Өнеркәсіп саласында осы жылдың 4 айында 7  млн.  456 мың теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде қайта өңдеу саласында 6 млрд. теңгеден астам  өнім өндірілсе, оның өнеркәсіптегі үлесі 87,9 пайызды құрайды»,-деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, брифинг барысында аудан әкімі Б.Парманов индустрялды аймақта 40 гектар жерге  «Нұрлы шапағат» ЖШС-гі құрылыс материалдын шығаратын 6 зауыттың құрылысын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді.