• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Астана мен Алматыда пилотсыз таксилер сынақтан өтеді

19 рет
көрсетілді

Елімізде пилотсыз такси қызметін іске қосу бойынша пилоттық жобаның егжей-тегжейі нақтыланды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ведомство бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, сондай-ақ inDrive және Yandex Qazaqstan компаниялары арасында пилотсыз такси жобаларын іске асыру жөнінде екі меморандумға қол қойылғанын еске салды.

Министрліктің мәліметінше, пилоттық жоба үш жылға есептелген және кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде арнайы сынақ полигонында технологиялық шешімдерді пысықтау, сондай-ақ маршруттар мен инфрақұрылым параметрлерін дайындау және тексеру жоспарланып отыр.

Келесі кезеңде Астана және Алматы қалаларында алдын ала келісілген маршруттар бойынша пилотсыз көлік құралдарын қалада пайдалануға кезең-кезеңімен рұқсат беру көзделген. Бұл процесс тұрақты бақылау және мониторинг жағдайында жүргізіледі.

Такси қызметі: Салық кодексі жүргізушілерге қалай әсер етеді?

Жол белгілерін орнату, жол таңбаларын сызу, жолаушыларды отырғызу және түсіру аймақтарын ұйымдастыруды қамтитын инфрақұрылымдық дайындық 2026 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Алайда қазіргі таңда Астанада пилотсыз көліктерді сынақтан өткізетін нақты көше-жол желісінің учаскелері әлі бекітілмеген.

Бұл кезеңде пилотсыз автомобильдердің нақты модельдері мен конфигурациялары анықталған жоқ. Жолаушылар сыйымдылығы мен қызмет көрсету форматы пилоттық жобаны дайындау және енгізу барысында нақтыланады.

Астанада жүргізушісіз таксилер пайда болады

Пилотсыз таксимен жүру құнын қызмет операторлары нарықтық жағдайларды, пайдалану барысындағы экономикалық параметрлерді, технологиялар мен инфрақұрылымға кететін шығындарды, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып, өздері белгілейді.