• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол 21 Мамыр, 2026

«Астон Вилла» алғаш рет Еуропа лигасының чемпионы атанды

«Астон Вилла» Еуропа лигасының жеңімпазы атанып, Англия клубтарының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Англияның «Астон Вилла» клубы 2025/26 маусымының Еуропа лигасы финалында Германияның «Фрайбург» командасын 3:0 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Финалдық матч 20 мамыр күні, 22:00-де Ыстанбұлдағы «Тюпраш» стадионында өтті. Ойынды француз төрешісі Франсуа Летексье басқарды.

48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?

«Астон Вилла» сапынан Юри Тилеманс (41-минут), Эмилиано Буэндия (45+3) және Морган Роджерс (58) гол соғып, сенімді түрде турнирдің чемпионы болды.

Осылайша, «Астон Вилла» Еуропа лигасын жеңген алтыншы ағылшын клубы атанды.

Еске сала кетейік, биыл ағылшын Премьер-лигасының чемпиондығы «Арсеналға» бұйырған еді.