«Қазгидромет» 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кей өңірлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Әсіресе солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі.
Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады.
Синоптиктер ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады
Астанада көшпелі бұлтты ауа райы болжанып, жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Түнде ауа температурасы +10…+12 °C, күндіз +13…+15 °C болады.
Алматыда өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Ауа температурасы түнде +10…+12 °C, күндіз +25…+27 °C шамасында болады.
Шымкент қаласында да жаңбырлы және найзағайлы ауа райы күтіледі. Түнгі температура +15…+17 °C, күндіз +27…+29 °C-қа дейін көтеріледі.