• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 09 Маусым, 2017

EXPO-2017. Елбасы шетелдік әріптестерін күтіп алуда

57 рет
көрсетілді

Елбасы EXPO-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына келген шет мемлекеттер президенттерін күтіп алды.

Мәртебелі меймандардың қатарындам ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Ауғанстан Президенті Ашраф Гани Ахмадзай, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди мен Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Мухамад Наваз Шариф бар. Сонымен қатар, Испания королі Филипп VI, Сербия Президенті Александр Вучич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттель бар.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің бүгінгі ресми ашылу салтанатына 17 мемлекеттің басшысы мен арнайы өкілдері қатыспақ. Көрмеге әлемнің 100-ден астам елі қатысады. Оның сыртында 20-дан астам халықаралық ұйым бұл көрмеден өз орнын белгіледі. 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін жалғасатын көрмеге 2,5 млн көрермен келеді деп болжануда.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген

Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»