• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 10 Маусым, 2017

EXPO-2017. Қазақстан павильонынан нені көруге болады?

403 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ашылған Қазақстан павильонында күн, жел, су, биомасса, ғарыш, қозғалыс энергиясының озық үлгілерімен танысуға болады. Біздің экпозициямыз ең үлкен ғимаратта - Шар-Сферада орналасқан.

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне дейін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шет мемлекеттердің басшыларын дәл сол жерде тұрып қарсы алды. Сегіз қабатты ғимараттың іші де, сырты да көз тартады. Ал экспозициялары кірген адамды бірден болашаққа жетелейді. Футуристік лифтілер, шыныдан жасалған конструкциялар, лазерлік шоулар мен проекциялық көріністер - бәрі-бәрі адамзаттың баламалы энергия көздерін іздеп, табиғат байлықтарын барынша сақтауға деген құлшынысын, ерен еңбегін көз алдына келтіреді. 

Экпозицияның негізгі мақсаты - Самұрық құс туралы шежірені көрсету. Мұнда жер мен көкті байланыстыратын Бәйтерек пен Самұрық құстың алтын жұмыртқасының декорациясы орнатылған. Сондай-ақ, Есік қорғанында табылған Алтын адамның көшірмесі тұр. Ал екінші шатырда футуристік Астанаға сапар жасалады.

Павильонда қазақстандық өнертапқыштар мен олардың ойлап тапқан жаңалықтары xалықтың назарына шығарылып отыр. Мұнда диірменнен бастап қазіргі озық теxнологияларға дейінгі өнертабыстар қойылған. Сонымен қатар, қозғалыстың арқасында қуат көздерінің қалай өндірілетінін көруге болады.