1. Қала көркіне нұқсан келтіру, инфрақұрылым нысандарын бұзу, көгалдандырылған жерлерді жайпау фактісі бойынша – 13394 қылмыс жасалған. Оның әрқайсысына салынатын айыппұл- 45380 тенге.
2. Рұқсат етілмеген орындарда темекі шегу бойынша 9857 факті тіркелген. Оның әрқайсысына салынатын айыппұл 6807 тенге.
3. Мас күйінде қолға түсу бойынша – 8716 заңсыздық анықталған. Айыппұл - 11345 тенге
4. Жұрттың тынышын алу (түн уақытында 23:00-06:00-ге дейін) – 3 052 заңсыздық жасалған. Айыппұл - 11345 тенге.
5. Бұзақылық – 2286. Айыппұл-22690 тенге немесе 10 күнге әкімшілік қамауға алынады.
6. Жөн жосықсыз жабысып-жармасу (көшеде тауарын тықпалау, қайыр сұрау, бал ашу т.т) – 968 қылмыс. Айыппұл - 11345 тенге.