• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2017

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау отырыс өзегіне айналды

309 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті өсімдіктер және жануарлар дүниесін сақтау мәселелері бойынша Өскеменде көшпелі отырыс өткізді.

Комитет төрағасы Сергей Плотников Сенатта «Қазақстан Рес­публикасындағы биологиялық әралуандықты сақтауды заң­намалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдау өткені, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер қабылданғаны туралы хабардар етті. Бұл заңға сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлерінің еңбекақылары 25 пайызға көтерілетін болады.

Сенаторлар «жасыл» эко­но­микаға көшу жағдайында елі­міздің табиғи байлықтарының маңызды бөлігі ретінде өсім­діктер мен жануарлар дүниесін басқару саласында тиімді саясат қалыптастыру қажеттігі туындады деп санайды. Экономиканың басым салаларын дамыту тұрғысында экономикалық, әлеуметтік және экологиялық құн­дылықтарды ескере отырып, халықаралық тәжірибе негі­зінде оларды басқарудың тың тәсіл­дерін қарастыру қажет.

Шара барысында пар­ла­менттік тыңдау ұсынымдарын іске асыру, биологиялық алуан­дықты сақтау, орман өнер­кәсібін, аймақтағы аңшылық ша­руашылықтарды дамыту мәсе­лелері талқыланды.

Сенаторлар сапар барысында «Шығыс-Сүт» ЖШС нысандарында болды. Бұл өндіріс орны өнеркәсіптің өңдеу салаларын инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс істейді.

Азамат Қасым, «Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы