Кездесу барысында Қазақстан Үкіметі мен ЮНИДО арасындағы арнайы келісім аясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын, Қазақстан экономикасын жедел технологиялық жаңғыртуды, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жылы шырайлы әңгімеде Қазақстанның өнеркәсіптік статистика, өнеркәсіптік бірігу және өнеркәсіптің қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерін төмендету секілді бағыттарда ЮНИДО-ның өңірлік жобаларына қатысуын жалғастыру жайы қаралды.
Тараптар ЭКСПО-2017 көрмесі базасында Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы мен «Болашақ энергиясы» инвестициялық жобаларын құру бойынша бірлескен жұмыстарға дайындық барысын да талқылады.