2011 жылғы 26 тамыз , Астана, Үкімет Үйі
«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы №155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы №155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №8, 71-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қызметтің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында:
1) жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне:
жергілікті деңгейде байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін;
ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қалааралық деңгейде қосу;
2) қосылатын байланыс операторларымен:
Қосылатын байланыс операторлардың телекоммуникация желілерінен жергілікті телефондық трафигін;
қосылатын ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарынан (-на) (қолжетімділік тораптарынан) (-на) телефондық трафигін өткізу.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.