• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Әдебиет 15 Маусым, 2017

Қаламгерге құрмет көрсетілді

349 рет
көрсетілді

Ташкентте  Өзбекстан жазушы­лар одағының мәжіліс залында өзбектің көрнекті жазушысы, Ха­лық­аралық «Алаш» сыйлығының лау­реаты Мехмон Исламқұловтың әде­би шы­ғар­машылығына орай сал­та­нат­ты жиын өтті.

Әдеби кеш шымыл­ды­ғын Өзбекстан Жазушылар одағы бас­қар­масының төрағасы, аса көрнекті про­за­шы Мұхамед Али кіріспе сөзбен ашып, кеш иесінің өзбек әде­би­етін дамытуға қосқан елеулі үлесі мен қа­зақ әдебиетін насихаттау бағытында ты­нымсыз, жемісті жұмыс істеп жүрген ең­бегін жоғары бағалады.  Өзбекстанның халық жазушысы, Мем­лекеттік сыйлықтың екі мәрте лау­реаты, Қазақстан Республикасы Президентінің руханият сыйлығының лауреаты, 88 жастағы абыз Насыр Фазылов, фи­лология ғылымдарының докторы, профессор Қазақбай Йулдошев, осы шараға Қазақстаннан ат арытып арнайы келген жазушы Сәбит Досанов, ақын Мирпулат Мирза және басқалар Мехмон Исламқұловтың прозалық, драмалық шығармалары, көл-көсір көрнекті аудармалары әдеби қазынаны байыта түскен аса бағалы еңбек екендігін қадап айтты.  Қазақ ақыны Қасымхан Бегманов пен өзбек ақыны Лола Жунис  арнау өлеңдерін оқыды. Әдеби кештің екінші бөлімінде жазушының жары Дилфуза ағынан жарыла ақтарыла айтқан ақ­жарма ақ тілек пен Өзбекстанның өнер жұл­­дыздары шырқаған әсем әндер әде­­би кешке әр қиырдан жиналған ха­лық­тың көңілін көкке көтерді. Өзбек­стан мен Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетіне аянбай адал қызмет етіп жүр­­ген көрнекті жазушының құрметіне ұй­ымдастырылған жиын достықтың туын биік көтерген көркем кеш болды.

«Егемен-ақпарат»