• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Әдебиет 15 Маусым, 2017

Әдеби биеналле аясындағы әңгіме

246 рет
көрсетілді

12-14 маусым күндері ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месі аясында Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық кітапханасы, Қазақ­стан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен елімізде тұң­ғыш рет халықаралық әдеби биен­­нале өтті. 

Жиынның басты тақы­рыбы: «Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы». БҰҰ, ЮНЕСКО, ИСЕСКО өкіл­­дері мен әлем жазушылары, соны­мен қатар Қазақстан қалам­­гер­лері, об­лыс­тық кітапхана­лар мен музей­лердің өкілдері қатысқан үлкен кеш оқырмандар мен қонақтарға арналды. Мо­дера­торлары Қазақстанның Еңбек Ері, ақын Олжас Сүлейменов пен Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік сыйлығының лауреаты Нұр­лан Оразалин болды. Онда әлем наза­рын аударып отырған кітап оқу мә­се­лесі, авторлық құ­қық, қаламақы түйт­­кіл­дері де сөз етілді. Бір жылда адам басына шақ­қанда елімізде 3 кі­тап оқыла­ды екен. Еуропада адам ба­­сы­на 7, АҚШ-та 12 кітап оқылады екен.  Биеннале аясында «Орталық Азия-Араб әлемі: тарих пен мәде­ниеттің өзара ықпалдастығы» халық­­­­аралық ғылыми конференция, «Маған кітап оқып берші» халықара­лық акция­­сы­ның тұңғыш отырысы, «Ұлт­тық ав­тор шығармаларын ағыл­шын тілі­не аудару» дөңгелек үстелі өтті. Соны­­мен қатар, «Жібек жолы-2017» ки­но­фестивалі, «Қоғамдық сана­­ны жаңғыртудағы Қазақстан кітап­­хана­ларының рөлі» ақылдасу отырысы, Қытай жазушысы, ҚХР Жазушылар одағының мүшесі Акпар Мәжиттің 4 томдық кітабы­ның тұсаукесері өтті. Биеннале қатысушыларын Алма­ты облысының қорықтарын тамашалау, «Медеу» мұз айдыны мен «Шым­бұлақ» тау-шаңғы курортын, «Ақалтеке» жылқы зауытын таныс­тыру сапарлары ұйымдастырылды.  Биеннале қорытындысы бойынша, әлем мәдениеті қайраткерлеріне үндеу жолданды.

Бағашар Тұрсынбайұлы, «Егемен Қазақстан» Алматы