• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2017

Асқақ рухтың «Айбыны»

212 рет
көрсетілді

Сенбі күні Қарағандыдағы «Спасск» оқу-жаттығу орта­лығы асқақ рухтың алаңы­на айналды. Жас сар­баз­дардың басын қосып, бағын сынаған «Айбын» республикалық әске­ри-патриоттық жиыны сал­танатты жағдайда өз мә­ре­сіне жетті. Бірнеше күнге созылған айбынды сар­баздар жиынының шешу­­ші кезеңіне Қорғаныс ми­нистрі­нің бірінші орын­баса­­ры, Қазақстан Қарулы Күш­­терінің Бас штаб бас­ты­ғы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев қатысты.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет халықаралық дә­ре­жеде ұйымдастырылған жиын­ның жабылу салтанатында сөз алған министрдің орынбасары шараның маңыздылығына тоқ­талд­ы. Қару­лы күштеріміздің Жоғар­ғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жол­дауын­да, «жастар – біздің үміті­міз және болашағымыз» деп ұлан­дары­мызға зор сенім артады. Сол сенімді ақтауға бүгінгі жеңіс тұғы­рынан табылған әр сарбаз лайық. Олар бір аптаның ішінде шынайы әскери болды. Бүгінгі сапта болашақ Сағадаттарымыз, болашақ Талғаттарымыз тұрғандығына мен кәміл сенемін. Жиынға өздеріңіз көргендей, Ресей Федерациясы Орын­бор президенттік кадет учи­лищесінің тәрбиеленушілері қатыс­ты. Қорғаныс министр­лігі­нің бас­шылығы Ресей Федера­ция­сының Қорғаныс министрлігіне жастарды тәрбиелеудегі бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары үшін алғыс білдіреді, – деді Мұрат Майкеев. Сонымен қатар, жиынға қатысу­шыларды Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов құттықтады. – Бұл жиынның тарихи мазмұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өскелең ұрпақты әскери-патриот­тық рухта тәрбие­леу жөніндегі талаптары мен тапсырмаларына түбегейлі жауап бере алады. Болашақ сарбаздардың, қас­тер­лі Тәуелсіздігіміздің шың­дал­ған, шыныққан қалқаны бар екендігіне көз жеткіздік. Тәуел­сіздік оңай келген жоқ. Оны алу бар да сақтап қалудың жөні тіпті бөлек. Осы жауапкершілікті то­лық түсінгендіктеріміздің дәлелі – бүгінгі жиын, – деді. Шынымен де «Спасск» полигоны үш күн бойы асқақ рухтың алаңына, айнымас достықтың тұрақты тұғырына кепіл болды. Сайыпқырандар сайысып, жас сарбаздар жеңістің дәмін татты. Жеңілгендері жігерлерін намысқа қайрады. Сонымен, байрақты бәсекенің «Эрудит» сайысы бойынша Астана қаласындағы Кеңес Одағының Батыры С.Нұрмағанбетов атын­дағы республикалық «Жас Ұлан» мектебінің аға сержанты Сырым Әділбайұлы ең зияткер қатысушы атағын жеңіп алды.  Аталмыш жиынға қатысқан республикалық «Жас Ұлан» мектептерінің арасындағы жалпы командалық есебі бойынша 1-орынды Алматы қаласындағы Б.Момыш­ұлы атындағы «Жас Ұлан» РӘМИ, 2-орынды Қара­ғанды қаласының Т.Бигелдинов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебі, ал 3-орынды Астана қаласындағы С.Нұрмағанбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» РӘМИ иеленді.  Әскери-патриоттық клубтар бо­йын­ша жалпы командалық есепте 3-орын­ды Астана қаласынан келген «Бүр­кіт» командасы, 2-орынды Се­мей қаласындағы «Жас қы­ран» әс­­ке­ри-патриоттық клубы, ал 1-орын­­ды «Жетісу тарландары» иеленді. – Былтыр мен АК-74 қаруын бөлшектеу және жинау бойынша жарыста бір секундқа ғана ұтылған болатынмын. Ал биыл рекорд жаңартып, сол сайыстан бірінші орынды иелендім. Жиын – жаңа тәжірибелер мен жаңа достар табуға таптырмас орта, – дейді «Бүркіт» клубының тәр­бие­ленушісі Индира Аитова.

Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы