Мәдениет күндерінің аясында Ақмола облысы филармониясының кәсіби ұжымдарының, облыстың ең үздік шығармашылық көркемөнерпаз ұжымдарының гала-концерттерін, кескіндеме суреттерінің, халық шығармашылық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жұмыстарының көрме-сатылымдарын, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсететін этноауылдағы театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар мен ұлттық спорт ойындарын тамашалауды ұсынамыз.
Бағдарламаға аясында:
- Ақмола облысы шығармашылық ұжымдарының «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты гала-концерті (Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің амфитеатры, 20 маусым, сағ. 21.00 – 22.10)
- Ақмола облысы Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы (Астана қ. әкімдігінің алдындағы алаң, 21 маусым, сағ. 19.00-21.00)
- «Ақмола жұлдыздары» атты гала-концерт, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі, «2017.EXPO.АКМОLA» әдеби саябақ («Отан қорғаушылар» монументі алдындағы «Парус» сахнасы, 23 маусым, 11.00-17.00);
- ЭТНОАУЫЛДАҒЫ театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шараларда Көкшетау қ., Бурабай, Шортанды, Қорғалжын аудандарының көркемдік шеберханаларының шеберлері, шебер-класс көрсетумен «Блэк» ЖШС ұлттық нақыштағы табиғи заттардан жасалған жұмыстарын көрсетеді. («Қазанат» ипподромы, 22-25 шілде, 11.00-20.00);
- Облыстық шығармашылық ұжымдарының «Дала сыры» атты концерті («Қазанат» ипподромы, 22 маусым сағ. 11.00 – 20.00);
- М.Шахановтың повесі бойынша облыстық орыс драма театрының «Шыңғысхан» рок-операсы (этноауыл амфитеатры, 23 маусым сағ.12.00-13.20 )
- Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының «Көкше әуендері» атты концерттік бағдарламасы (этноауыл амфитеатры, 24 маусым сағ.18.00-20.00)
- Ш.Құсайыновтың «Анамның ақ көйлегі» драмасы, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры («Жастар» сарайы, 23 маусым, сағ. 19.00);
- «Бременские музыканты» балалар қойылымы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 21-25 маусым, сағ. 1100);
- А.Островскийдің «Бесприданница» караоке – мелодрамасы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 22 маусым, сағ. 19.00);
- М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 23 маусым, сағ. 19.00);
- П.Морозованың музыкалық феериясы бойынша «Алые паруса» қойылымы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 24 маусым, сағ. 19.00);
- Е.Шварцтың «Дракон» трагифарсы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драмтеатры, 25 маусым, сағ. 19.00)