• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Маусым, 2017

Атырау емханаларына «Электронды кезек» жобасы енгізілді

136 рет
көрсетілді

Атырау қаласындағы №3 емханада «Электронды кезек» пилоттық жобасының таныстырылымы өтті. Медицина мамандарының кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қатысты.

«Бұл жоба алдағы үш ай ішінде барлық емханаларда қолданысқа енгізіледі», деді Мәншүк Аймұрзиева.

Электронды кезек жобасы тұрғындардың уақытын үнемдейді әрі емдеу мекемелеріндегі тәртіпті сақтауға бағытталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жүйе әр кабинетте орнатылады және оның ерекшеліктерін медицина мамандарына оқыту жайы қарастырылып жатыр.

Атырауға бұл жобаны жеке кәсіпкер Антон Скрамовский әкелген. Оның айтуынша, бұған дейін Орал қаласында қолданысқа енгізілген жүйе тиімділігін дәлелдеген. Қазір Батыс Қазақстан облысында емханаға келушілерден арыз-шағымның түсуі 70 пайызға азайыпты.

Жоба жетекшілері электронды кезектің ұялы телефондарға арналған қосымшаларын шығаруды да жоспарға енгізіпті.

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»