• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 21 Маусым, 2017

Цзянсу: шығыс сәулесі

145 рет
көрсетілді

Кеше ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қытай павильонында Цзянсу провинциясының апталығы ашылды. Цзянсу провинциясы Қытайдың шығыс өңірінің орталығында орналасқан әсем де бай өңірлердің бірі. Мұнда 80 миллионнан астам адам тұрады.

ЭКСПО көрмесі аясында өткен Цзянсу провинциясы апталығының ашылу күнінде Қазақстан мен Цзянсу өңірі бизнес-қоғамдастықтары өкіл­дерінің қатысуымен Қазақстан-Қытай бизнес форумы болып өтті. Форум жұмысына 200-ден астам делегат қатысты. Оның ішінде Цзянсу провин­циясының вице-губернаторы Чэнь Чжэньнин, ҚХР-дың Қазақ­стандағы елшісі Чжан Ханхуэя бастаған қытай­лық іскер және саяси топтар­дың өкілдері бар. Цзян­су про­вин­циясы ҚХР-дағы эконо­микалық және әлеу­меттік даму жағынан алдыңғы қатар­дан көрініп келе жатқан өңір­лердің бірі. 2016 жылы про­винцияның ІЖӨ көлемі 7 608,6 миллиард юаньды құрады. Экономика көлемі жағынан провинция елдегі екінші орынды тұрақты иеленіп келеді. Жан басына шақ­қан­дағы ІЖӨ көлемі 95 259 юаньға жетіп, бұрнағы жылдармен салыстырғанда 7,5 пайызға артты. Бұл про­вин­ция ҚХР-дың «Бір бел­деу – бір жол» жобасына бел­сенді түрде қатысып, көне Жібек жолында орналасқан елдерге инвестиция салуда алдыңғы қатардан көрінуде. 2016 жылы провинция Жібек жолы бойында орналасқан 64 елдің 54 еліне инвестиция салды. Олардың қатарында Индо­незия, Сингапур, Кам­боджа, Таиланд және Пәкіс­тан бар. Провинция салған жалпы инвестиция көлемі 5,7 миллиард АҚШ долларын құрап отыр.  Жаңғыр­малы энер­гети­каны дамыту сала­сында Цзянсу провинциясы ел көле­мі бойынша көш бастап келеді. Мұнда күн, жел және су энер­гетикасын дамыту мақ­сатын­да жүйелі де көлем­ді жо­ба­лар іс жүзіне асы­рылуда. ЭКСПО-2017 көр­месі аясында өткен бизнес-форум барысында жаңғырмалы энергетиканы одан әрі дамыту мәселелері жан-жақты сөз болды. Форум жұмысында сөз сөйлеген Цзянсу вице-губернаторы Чэнь Чжэньнин қытайлық «Бір белдеу – бір жол» страте­гия­сы мен қазақстандық «Нұр­лы жол» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы идея­ларының сер­пін­ді д­а­муы­­на Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің ба-л­а­­­­­м­асыз алаң болып отыр­ған­­­дығын атап көрсетті. Өз кезегінде осы форумды ұйым­­дастырушылардың бірі, Қа­зақ­­стан Инвестиция­лық ын­ты­­мақтастық агенттігі­нің бас директоры Айдын Байеділов және Қазақстан Пар­­ла­менті Мәжілісінің депу­та­ты Бақтияр Мәкен екі ел кәсіп­кер­лерінің арасындағы осы ынтымақтастық байла­ныстың экономикаға үлкен тиімділік әкелетіндігін тілге тиек етті.  Қытай павильонындағы Цзянсу провинциясы апта­лы­ғының ашылуына бай­ланысты өткен салтанатты жиын сол өңірден арнайы келген өнер шеберлерінің концертіне ұласты.   

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген  Орынбай БАЛМҰРАТ,

«Егемен Қазақстан»