– Бүгін біз қарағандылықтар атынан жаңа көліктердің кілтін табыс етеміз – деді Ерлан Қошанов полиция қызметкерлеріне. Бұл – елбасының ішкі істер мекемелерін толық қажетті жабдықтармен қамту бойынша тасырмасын іске асырудың үлгісі. Биылғы жылы ішкі істер мекемелерін қамсыздандыру үшін рекордтық сома – 2,5 миллиардтан астам теңге бөлінді. Сіздерден тұрғындарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау талап етіледі. Жергілікті атқарушы мекемелер сіздердің жұмыстарыңызды жақсарту үшін барлық жағдайды жасайды.
Алғыс ретінде облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, генерал Мергенбай Жаппаров аймақ басшысына ризашылық білдіріп, Қазақстан полициясының 25 жылдығы қарсаңында осындай сыйлық алу аса бағалы екенін айтты. – Бүгін маңызды себеппен Қарағанды гарнизонына 103 автокөлікті қабылдап алу бойынша жиналып отырмыз. Әкімдіктіктің қолдауы негізінде, бүгінгі таңда полицияның жұмысын жеңілдету және жетілдіру үшін аз қаражат бөлініп жатқан жоқ. Облыстық ішкі істер департаментінің материалдық базасы жылдан-жылға нығаюда. Тек, соңғы екі жылдың ішінің өзінде облыстық ішкі істер огандарының автопаркі 150-ден астам автокөілкпен толықты, - деді полиция генерал майоры Мергенбай Жаппаров.
103 жаңа «Kиa» және «ГАЗ» автокөліктерін сатып алуға 900 миллионға жуық теңге жұмсалған.
Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы