• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Маусым, 2017

Нұржол саяжолында ақылы тұрақтар қолданысқа беріледі

288 рет
көрсетілді

Көлік қоятын орынның тарифы бір сағатқа 100 теңге, ал мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін болады, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің медиа-орталығы.

Жалпы жоба аясында 472 орын ақылы болады. Қазіргі таңда автокөлік иелеріне Нұржол саяжолында тарифтің құны, төлем тәсілдеріне қатысты жалпы тұрақты пайдалану ережелері түсіндірілуде.

«Әзірге тұраққа көлікті қою үшін ақша талап етілмейді. Жоба тестілеу тәртібі бойынша іске қосылды. Нұржол саяжолында промоутер топтар қала тұрғындарына жобаның маңыздылығы, көлік қоятын орындарды пайдалану қағидаларын айтып, түсіндіруде», - деді Астана қаласының көлік қоятын орындарды басқару компаниясының өкілі Зурия Рыспаева.

Оның айтуынша, болашақта тұрақтарға төлем тек жұмыс күндері сағат 8-20 аралығында жүргізіледі. Түнгі уақытта көлік қоятын орындар тегін болады.

Көлік қоятын орындарға ақша төлеу Нұржол саяжолындағы тұрақтың маңында орналасқан арнайы паркоматтар арқылы  жүргізіледі. Ол үшін автомобильді қойған жердің нөмірі мен көлік құралының тіркеу нөмірін енгізу қажет әрі ақшаны төлеп болған соң түбіртекті алған жөн. Тарифтеу минутпен саналады. Сонымен қатар, пайдаланбаған уақыттағы ақша тұрақтың есебінде сақталып қалады, оны келесі жолдары пайдалануға болады.

Тұрақ орнына ақша төленбеген жағдайда 3 АЕК бойынша (6 807 теңге) айыппұл салынады. Жыл ішінде қайталанған жағдайда – 5 АЕК бойынша (11 345 теңге).

«Жалпы пилоттық аймақта 12 паркамат орналасқан, олардың әрқайсысында қай нүктені басып, қалай төлем жүргізу қажеттігі, фискалды түбіртектің берілуіне дейінгі пайдалану нұсқамасы нақты көрсетілген. Нұржол саяжолындағы ақылы тұрақтарды енгізу уақытын қала әкімшілігі қосымша хабарлайтын болады», - деді З.Рыспаева.

ҰОС ардагерлері, жастайынан мүгедектер мен І және ІІ топтағы мүгедектер, Алтын Қыран ордені және «Халык каhарманы» атағымен марапатталғандар, көп балалы аналар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері, Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер, Ауғанстан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, жергілікті ұрыс кездері мен шұғыл әрекет ету қызметінің қызметкерлері көлік қоятын орындарды тегін пайдалану құқына ие.  

Болашақта банк карталары арқылы немесе смс-хабарландырулар мен "Astra park" мобильді қосымшасының көмегімен төлем жасау мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда.