• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Білім 21 Маусым, 2017

ҰБТ: ОҚО-да бес жүзден астам бала 100 балдан жоғары жинады

237 рет
көрсетілді

20 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуден 4266 бітіруші тест тапсырып, облыстың орташа көрсеткіші – 72,3 балды көрсетті.

Жалпы кеше 514 бала 100 балдан жоғары жинаса, ең жоғары 137 балды Шымкент қаласы, «Болашақ» мектебінің оқушысы Исатай Біржан жинады. Ал, 136 балды Шымкент қаласы №47 мектеп-гимназиясының оқушысы Жолдасбекова Айгерім Дастанбекқызы жинап отыр.

Бірінші күнгі сынақтың қорытындысымен облыстың орта балы – 72,3 балды құрады. Атап айтқанда: Шымкент және Сайрам - 75,5, Қазығұрт - 74,3, Түлкібас - 72,7, Созақ - 70,6, Сарыағаш -70,4, Бәйдібек - 70,2, Мақтарал - 67,03 балды көрсетті.

Тестілеу кезінде ҰБТ қағидаты талаптарының бұзылуы орын алған жоқ.

Айта кетейік, облыс бойынша 2016-2017 оқу жылында 11 сыныпты 32964 оқушы аяқтаса, оның 21668-і жоғары оқу орнына түсу үшін сынақ тапсыруға ниет білдірген. Яғни,78,2 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген.