• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2017

Солтүстік Қазақстан әкімі қоғамдық кеңеске есеп берді

163 рет
көрсетілді

Солтүстікқазақстандықтардың жартысынан астамы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Демек, ауыл  тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту басым бағыт болып қала береді деген сөз.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қоғамдық кеңес мүшелелеріне  өңірдің  бес айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты әңгімелеп, проблемалық мәселелерге көбірек тоқталды.

«Нақты мәліметтер бойынша  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер салықты  аз төлейді,  еңбекақы мөлшері төмен.  Кәсіпорындарының былтырғы кредиторлық қарызы – 613 миллиард. теңге. Агроөнеркәсіп кешенінде  бес айдағы  орташа еңбекақы – 66 мың теңге ғана»,  деді Құмар Іргебайұлы.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін  ірі шаруашылықтардың  106-сы ғана табысты жұмыс істеп отыр.  Астық өндірісін әртараптандыру–кезек күтпейтін басты мәселе . Майлы дақылдар алқабы 712 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Бұл республика бойынша барлық майлы дақылдар көлемінің 30 пайызын құрайды.  Таяу жылдары  майлы және бұршақты дақылдар алқабын бір миллион гектарға дейін ұлғайтылмақ.

Мал шаруашылығында да  толғақты проблемалар аз емес.  3800-ден астам серіктестіктер мен шаруа қожалықтарының 29 пайызы ғана мал өсіреді

Қолдағы 13500 трактордың 73 пайызы  тозған. Жұмыс істеп тұрған зауыттардың өніміндеріне  сұраныс артса, тоқтап тұрған кәсіпорындарды  іске қосу  күн тәртібінен түспек емес.  Жергілікті маңыздағы жолдардың 45 пайызын өте нашар деңгейде.  Биыл оларды қалпына келтіруге 10 миллиард теңге бағытталады. Жыл аяғына дейін 200 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі

Жиында сөз алған қоғамдық кеңес мүшелері облыс әкімінің есебіне оң баға берді.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».