• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2017

Полиция қызметкерлеріне ескерткіш орнатылып, мұражай ашылды

182 рет
көрсетілді

Петропавл қалалық  ішкі істер басқармасы жанындағы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған аллея одан әрі толыға түсті.

Қазір бұл маңай жасыл желекке бөленіп, жұртшылықтың демалатын орнына айналған.Түрлі-түсті гүлдер, шырша көшеттері көз жауын алады. Қазақстан полициясының 25 жылдық мерекесі қарсаңында осы жерде арнайы ескерткіш орнатылды. Оның ашылуына қала әкімі Марат Тасмағанбетов, ардагердер, жастар, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

«Ел Тәуелсіздігін нығайту жолында ерлікпен қаза тапқан әріптестерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Аллеяны көркейту үшін көп жұмыстар атқарылды», дейді  Петропавл қаласы ІІБ бастығы Анатолий Мурзыканов.

Бұл күні мүражайдың да таспасы қиылды. Мұнда 200-ден аса жәдігер қойылған. Аға инспектор Марал Алпысовтың айтуынша ондағы заттар тәртіп сақшылары жайлы жан-жақты сыр шертеді.  

Шара соңында еселі еңбектерімен ерекшеленген 80-ге жуық тәртіп сақшылары  алғыс хат, төс белгі және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».