• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2017

СҚО-да үздік жас мемлекеттік қызметшілер анықталды

168 рет
көрсетілді

Мемлекеттік  қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті «Үздік жас мемлекеттік қызметші-2017» байқауының қорытындыларын шығарды.

Жасы 29-ға толмаған, еңбек өтілі бір жылдан кем емес,  әкімшілік жазаға тартылмаған мемлекеттік қызметшілер байқауға қатысып, одан сүрінбей өткендері ақтық сынға жолдама алды. Олар  Қазақстан Республикасы заңнамасын білу деңгейлері бойынша тест тапсырып,  «Мен үздік болуға лайықтымын» тақырыбында өздерін таныстырды.  Одан кейін «Беделді сұрақ», «Жүзден біреу-шешен, мыңнан біреу-көсем», «Өнерлі өрге жүзер» сайыстарында бақ сынасты.

Қазылар алқасы бірінші орынға облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің  бас маманы  Кенжебек Қожахметовты лайық деп тапты. Екінші, үшінші орындарды  Петропавл қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қызметкері Әсел Мусина мен  Уәлиханов ауданы  әкімі аппаратының бас маманы Болат Жүсіпов бөлісті.

Конкурсқа  қатысушылар «Үздік шешен», «Дарынды мемлекеттік қызметші», «Үздік зияткер»  аталамдарына  ие болды.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»