Оны аймақ басшысы Құмар Ақсақалов кіріспе сөзбен ашып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жүрген мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, табыс тіледі. Қызметпен қатар саламатты өмір салтын жұртшылық арасында кеңінен насихаттауға шақырды. Соның бір үлгісіне тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған спартакиаданы мысалға келтірді.
Бір топ мемлекеттік қызметшіге «Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісі мен құрмет грамоталары табыс етілді.
Спартакиадаға құрамында бір мыңға тарта мемлекеттік қызметші бар 40 команда қатысып, өз күштерін сынасты.
Құмар Іргебайұлы облыстық әкімдіктің командасы құрамында волейбол және теннис ойнады.
Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан»