• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Президент 23 Маусым, 2017

Жетістіктер жемісінің көрінісі

152 рет
көрсетілді

Халықаралық әуежайларды ел­ге еңбегі сіңген бел­гілі тұлға, мемлекет және қоғам қай­раткерлерінің аты­мен атау тәжі­ри­бесі әлемдік қол­даныста жиі кездесетін дү­ние.

Мысал кел­тіретін болсақ, Ыс­тан­бұлдағы Ататүрік халықаралық әуежайы мен Париж қаласында орналасқан Шарль де Голль атындағы халықаралық әуежайды алға тарту арқылы сөзімізді нақтылай түсеміз.  Негізінен, Тәуелсіздік жылдарында тұралаған экономикалық, саяси-әлеуметтік салалардың аяғынан тік тұруына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор болғаны бәрімізге белгілі. Оның үстіне, халықаралық шеңбердегі сыртқы саяси шаруаларды саралайтын болсақ, Қазақстан бүгінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі.  Сонымен қатар, әлем назарын өзіне аударған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі елордамыз – Астана қаласында өтіп жатыр. Осы тақылеттес үлкенді-кішілі жетістіктердің барлығы да Елбасымыздың саяси күш-қуаты мен абырой-беделінің арқасы. Ендеше, Астананың бас әуе қақпасы болып табылатын халықаралық әуе­жай­ды Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау жөніндегі шешімнің қабылдануы өте орынды әрі заңды деп санаймын.   Мәулен ӘШІМБАЕВ,  Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы