• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2017

Солтүстік Қазақстанда ашық аспан астында оқу залы ашылды

782 рет
көрсетілді

С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханасы алдындағы алаңда   «Буккроссинг» жобасы  аясында  ашық аспан астындағы оқу залы жұмыс істей бастады.

Әмбебап кітапхананың директоры Бейбіткүл Әбілмәжінованың айтуынша,   кез келген оқырман қалаған кітабына тапсырыс беруіне болады. Ол үшін арнайы құжаттар рәсімдеу шарт емес.

Оқу залының кітап қорында әдеби шығармалар, ғылыми еңбектер, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шоғырланған. Бұдан тысқары  журналдар, мерзімді басылымдар, декоративті-қолданбалы өнерге қатысты танымдық материалдар қойылған. Балалар қызыға оқитын әдебиеттер аз емес.

Ашық аспан астындағы оқу залына келушілер қатары көп. Соған қарағанда, қай-қайсысы болсын таза ауада кітап оқып, дем алғанды қалайтын секілді.

Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан»