• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Маусым, 2017

Әлеуметтік желілердің әлемдік көшбасшыларымыз – Трамп

209 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп өзін және Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді «әлеуметтік желілердің әлемдік көшбасшылары» деп атады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

«Мен Америка мен Үндістан халқына, сондай-ақ баспасөз құралдарына біздің әлеуметтік медиа саласында әлемдік көшбасшы екенімізді айтқым келеді. Біз халықтың шенеуніктермен тікелей байланыста болып, олардан жауап алу мүмкіндігіне ие болуын қалаймыз», – деп мәлімдеді Дональд Трамп Вашингтонға ресми сапармен келген Үндістан премьері Нарендра Модимен кездесу барысында.

Дональд Трамп пен Нарендра Моди Twitter әлеуметтік желісінің белсенді қолданушылары болып табылады.