«Үлкен ұйым құру қажет емес. Өте жоғары нәтиже көрсететін, 10-15 адамнан тұратын кішігірім клубтың жұмысын ұйымдастыруымыз керек. Өз тарапымыздан спортшыларға барлық жағдайды жасаймыз. Құрама команданың әр мүшесі күнделікті тынбай еңбек етсе, қалған спортшылар соларға қарап бой түзейтін болады. Біздің команданың үздіктер қатарынан көрінеріне сенімім мол», дейді аймақ басшысы. Бұл – өңірге шақырылып жатқан алғашқы легионерлер емес. «Алтай» қыздар волейбол клубының құрамындағы бір ғана Юнеска Роблес Батистаның командаға қаншалықты серпін бергенін спортсүйер қауым жақсы біледі. Сондықтан Кения елінен келетін легионерлер де өңір спортына леп беріп, облыстың жеңіл атлеттерін ширата түссе бұдан ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық.
Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН